Атырау МӨЗ-нің бұрынғы директоры үй қамауында: тергеу мәліметтері

2376
Фотосурет: stringfix.com

Қаржылық мониторинг агенттігі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы бас директоры М.Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тергеу қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілді, бұл мемлекетке аса ірі залал түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырды.  

Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында АМӨЗ қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деп күдіктелуде. 

М.А.Мұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді. 

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -