Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған Құлсарға 100 жаңа үй қыркүйек айында тапсырылады

2893
Фотосурет: Gov

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналған баспана қыркүйектен бастап пайдалануға беріледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келіп, Болашақ ықшам ауданында салынып жатқан 100 үй құрылысының жүру барысын тексерді

Тасқыннан үйі зардап шеккен тұрғындарға арналған баспана құрылысы өндірістік кестеге сай жүріп жатыр.

Жалпы аумағы 100 шаршы метрлік үйлердің 86-сының іргетасы құйылды, 66-сының қабырғасы қаланды, 14-нің төбе жабындысы жабылуда.

Құрылысқа жергілікті 8 мердігер мекеме және 233 жұмысшы жұмылдырылды. Үйлер қыркүйекте беріле бастады.

Вице-министр жауапты басшыларға жұмыс күшін көбейтуді, құрылысты бекітілген кестеге сай аяқтауды тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -