Ғылым мен Бизнестегі қазақ тілін дамыту: ҚР ХӘҚМ және KEGOC семинары

3124
Фотосурет: Gov

24 шілдеде ҚР ҒЖБМ және «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Семинарда мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолдану, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, салалық терминологияны және «ҚАЗТЕСТ» мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Ұлттық компанияларға жүктелген ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторлары мен іс-шараларын сапалы орындау мәселелеріне баса назар аударылды.

Тіл саясаты комитеті тарапынан құжат айналымының үлестік көлемі, «KEGOC» қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру үлесі, сондай-ақ компанияның халықаралық іс-шараларында қазақ тілінің қолданылу үлесі жөніндегі мониторингінің ағымдағы қорытындылары ұсынылды.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарында тіл саясатының іске асырылуы бойынша талқылау ұйымдастырылып, алдағы бірлескен жұмыстың бағыттары белгіленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -