1,3 млн теңге пара алғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыру

10219
Фотосурет: freepik

 ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

 
 
Ағымдағы жылы 17 маусымда Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы Қ.Темірханов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 

 Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайынғы тексерулер жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды. 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуға тиіс. 

 Осыған байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы тәртібінде енгізілген Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -