Қоғамдық кеңес мүшелері бүкіл ел бойынша экологиялық жағдайды бақылайды

4125
Фотосурет: Gov

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында коғамдық кеңес мүшелері осы жылдың 22-28 шілдесі аралығында  қоғамдық мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бір апталық мониторинг аясында қоғамдық кеңес мүшелері әкімдіктермен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс орындарына, отырғызылған ағаштарды суару мен көшелерді абаттандыру  жұмыстарына  қоғамдық бақылау жүргізді.

Бақылау барысында Жетісу облысы Сарқан қаласы, Қойтас саябағында  және Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Арыс өзенінің жағалаулары бойынша жергілікті атқарушы органдарға  ұсыныстар берілді.

Бүгінде республика бойынша 259 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Республикалық деңгейде - 36, жергілікті деңгейде-223 кеңес бар. Қазіргі уақытта қоғамдық кеңестердің құрамына 4000-ға жуық адам мүше.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -