Астана батыры: Әлішер Юсупов үш баланы жанып жатқан көліктен құтқарды

10538
Фотосурет: Gov

Елордалық  ТЖД-да ТЖ министрінің бұйрығына сәйкес өртте адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен Алишер Юсупов марапатталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Еске салайық, 20 шілдеде Алишер Юсупов Уалиханов көшесінде супермаркетінің алдында балалардың жылаған дауысын естіген. Жақындап келгенде көліктен түтін шығып жатқанып байқаған. Көлікке жүгіріп келіп, жедел әрі ерлік таныта отырып, көлік ішінен 2018, 2020 және 2022 жылы туған балаларды құтқарып қалған.   

Осылайша оның қорқынышсыз, батыл және жедел әрекетінің арқасында балалардың өмірі құтқарылып, бұл іс ерлік пен адамгершіліктің үлгісіне айналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -