Париж-2024 Олимпиадасы: қазақстандық садақшылардың алғашқы жетістіктері мен сын-қатерлері

3036
Фотосурет: Оlympic.kz//Владислав Семенов

Париж Олимпиадасында садақ атудан іріктеуден кейін плей-офф кезеңінде бір-бірімен сынға түсетін спортшылар анықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Команда көшбасшысы Ильфат Абдуллин рейтингтік кезеңде 29-орынға тұрақтап, 36-сатыға табан тіреген канадалық Эрик Питерске қарсылас атанды.

Ал Дәулеткелді Жаңбырбай (22-орын) колумбиялық Хорхе Энрикеспен (43), Александр Еременко (59) француз Батис Аддиспен сайысқа түседі.

Айта кетейік, 1/32 айналым 30 шілдеде өтеді. Ал командалық сайыста Қазақстан 1/8 финалда Италиямен 29 шілдеде кім мықтыны анықтайды. Осы жұптың жеңгені жарыс қожайыны Францияға түседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -