Оралда рота командирлерінің жиыны өтуде

2915
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің базасында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес рота командирлерімен үш күндік оқу-әдістемелік жиыны басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиынға Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал гарнизондарынан келген 30-дан астам рота командирлері қатысуда.

Оқу-әдістемелік жиын шеңберінде офицерлердің кәсібилігін жетілдіру, әскери тәртіпті нығайту, дене шынықтыру деңгейін арттыру, жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу бойынша міндеттер айқындалады.

"Оқу-әдістемелік жиын барысында офицерлер біріншіден өздерінің теориялық және практикалық білімдерін шыңдайды. Сонымен қатар әр өңірден жиналған рота командирлері осы жерде бір-бірімен тәжірибе алмасады. Осы жиынды өткізудегі басты мақсатымыз офицерлер өздерін дамытып, осында үйренгендерін, көрген-білгендерін өз қалаларына барып, өздерінің жеке құрамына үйрету"   «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Мирас Турдалин

Ұйымдастырылып отырған оқу-әдістемелік жиын далылық жағдайда, яғни полигонда өтуде. Ол жерде жиынға қатысушылар дене шынықтыру, атыс өнер дайындығы бойынша практикалық сынақтар мен нормативтерді тапсырады. Сондай-ақ байланыс, әскери топография және әскери-медициналық даярлық, тактика сияқты пәндер бойынша сынақтардан өтетін болады. Оқу-әдістемелік жиынның қорытындысы бойынша үздік офицерлер «Батыс» өңірлік қолбасшылығының  құқығымен марапатталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -