Кайдзен кімге арналған: 3-ЖЭО-ның бұл тұжырымдаманың қағидаттарына өту тәжірибесі оңтайлы нәтижелер береді

3036
Фотосурет: "АлЭС" АҚ баспасөз қызметі

Жапондықтардың экономикалық және қаржылық негізгі қағидаттарының тиімділігі, Күншығыс елінен бастау алатын, Кайдзен Тұжырымдамасында құрылған деп саналады. Жетістіктің осындай немесе басқа өлшемімен ол бүкіл әлемге таратылады. Кайдзен идеялары, қазақстандық тәжирібе көрсеткендей, біздің елде де жағымды нәтижелер беріп отыр. Жеке тәртіптілік, топтық жұмыс, жоғары моральдық рух және жалпы – үнемді өндіріс сияқты ұстаным элементтері әсіресе үлкен кәсіпорындарда аса кажетті. Сонымен қатар қызметкерлерді жаңашылдыққа және оңтайландыруға ынталандыратын, өндірістік қызметті жақсарту жөніндегі брейншторм-топтар және идеялар банкі де осыған бағытталған.

пресс-служба АО "ФНБ "Самрук-Казына"

Осы тұжырымдаманы «Samruk-Kazyna» АҚ да ұстанады, ал кейбір құрылымдары оны тәжірибеде сәтті қолданады немесе белсенді енгізуде. Атап айтқанда, Кайдзен немесе оның элементтері топтың энергетикалық компанияларында кезең-кезеңмен енгізіліп жатыр. Соның ішінде «АлЭС» АҚ да бар.

2024 жылдың ақпан айында «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО өндірістік департаментіндегі пилоттық учаскеде Кайдзен - үнемді технологиялар - жүйесін өрістетуді іске қосу туралы шешім қабылданды.

Жаңартпаның негізгі мақсаты қызметкерлерде үнемді ойлауды құрастыру, өндірістік және әкімшілік үрдістерді оңтайландыру және станция департаментінің қолда бар қорларын тиімді пайдалануы болып табылады, - дейді 3-ЖЭО электрцехінің релелік қорғаныс және автоматика электрмонтері, Нұрлан Жақан. – Бірінші кезеңде үнемді технологияларды сәтті бастау үшін пилотты учаскелерде Кайдзен-технологияларын дамытудың жол картасы дайындалды».

Тұжырымдаманың әрі қарай таралуы мен жақсырақ түсіну мақсатында «Кайдзен технологияларының негіздері» бойынша оқыту өткізілді. Оны Мади Занигинов, Kaizen & Lean Expert, халықаралық сертификатталған бапкер, Kaizen Store жобасының авторы және Kaizen Solutions негізін қалаушы және Азамат Ажигалиев, Kaizen & Lean in Finance, Cost Management жөніндегі Toyota Engineering Corporation сертификатталған бапкері өткізді.

Сонымен қатар 3-ЖЭО департаментінің ішінде тікелей Кайдзенді өрістетуге жауапты кіші бастамашыл топ құрылды. Оның құрамына электр цехінен кіргендер: электрмонтер Нұрлан Жақан, өндірістік учаске шебері Диас Утегенов, электржабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері Бауыржан Кемельжан, релелік қорғаныс және автоматика электрмонтері Мақсат Оспанов; Отын-көлік цехінен: жол-құрылыс машиналарын және тракторларды жөндеу жөніндегі слесарі Нұрбол Шамыгулов; Өндірістік-техникалық бөлімнен – Метрология жөніндегі инженер Ельмира Турумбетова, есептеулер және режимдер жөніндегі инженер Анель Садуақас.

– Қазіргі уақытта пилоттық учаскелердегі қызметкерлер оқытылды және Кайдзенді келесі тақырыптар бойынша сәтті өрістетуде: 5S жұмыс кеңістігін ұйымдастыру; бизнес-үрдістерді картаға түсіру; мәселелерді шешу, сапа үйірмелері, - деп жалғастырды Нұрлан Асхатұлы. – Олар өздерінің жұмыс орындарын диагностикалаумен және тиімді ұйымдастырумен, уақытша шығындарды талдаумен (үрдістер хронометражы) және ағымдағы мәселелрді шешумен айналысуда. Жақсартулар бойынша ұсыныстарды жүзеге асыру үшін шаралар жоспарын жазады».

Есімізге түсірейік, 5S дегеніміз не – немесе Кайдзен Тұжырымдамасының негізгі бес принципі: Seiri (сұрыптау); Seiton (жүйелендіру); Seiso (тазалықта ұстау); Seiketsu (стандарттау) және Shitsuke (жетілдіру). Жұмыс үрдісі орнында шешім қабылдауды, ал мәселелер туындаған кезде оларды реттеуді білдіретін, «гемба Кайдзен» сыйымды ұғымы қосылады.

«Кайдзеннен алғам әсерім – оң болды, өйткені оқу және біздің үрдістерге енгізу барысында, топтың барлық қатысушылары үйлесімді жұмыс жасады. Барлығы жұмысты жақсарту бойынша әртүрлі идеялар ұсынды, әр қадамды жоспарлады, - алғашқы нәтижелерімен бөлісті Анель Садуақас. – Оқу кезінде-ақ, бұл әдістеме бойынша тиімді тілдесу әрқайсысымыз сұхбаттасымызды назар сала тыңдап, құрмет білдіру, басқалардың қөз қарасын ескеру және әріптестеріне қошемет сөздер айту тек көңіл-күйді көтеріп қана қоймай және қарым-қатынасты да нығайтатыны түсінікті болды.

Ермекқали Кузеев, бесінші разрядты релелік қорғаныс және автоматика электрмонтері, барлық қағидаттарды жұмыста қолдансаң, онда аса зор нәтиже аласың, дейді. «Бұл философияны қолданып, өзіміз байқап көрдік, - деп атап өтті. – Кейін Кайдзен бойынша әрекет ету дағдысының пайда болғанын өзіміз де байқамай қалдық».

«Кайдзеннің арқасында жұмысты оңтайландыру бойынша әр қызметкер өз ұсыныстарын айтатын үнемі жақсарту мәдениетін құрдық, - деп қосты Мақсат Оспанов. – Бұл топтық рухтың нығаюына және жалпы өнімділіктің артуына үлесін тигізді».

Нұрбол Шмығұлов та 5S қағидаттарын қолданудан алған өз әсерімен бөлісті: «Оқу кезінде-ақ, біз 5S жүйесін зерттей бастаған кезде, және оны белгілі учаскелерде енгізе бастағанда, әрекеттеріміздің жүйелілігі байқала бастады, ал барлық заттар, құрал-саймандар әрдайым қол астында жатады. Бұл жұмыс үрдісін оңайлатады. Кайдзен қағидаттарын қолдану қызметкерлер арасында алдағы жақсы қарым-қатынастың құрылуына үлесін тигізді. Бұндай саясат соңында барлық кәсіпорын көлемінде үздік нәтижелерге әкеледі. Бірақ ол уақытты қажет етеді».

Үнемі жақсартудың жапондық философиясы қағидаттарын күнделікті өмірде пайдалану арқылы Диас Утегенов та жақсы нәтижелерді байқады: «Кайдзен маған күн сайын одан да жақсы болуға көмегін тигізеді. Уақыт өте келе менің зейін қоюым артып, ал күйзеліс деңгейі төмендегенін байқай бастадым. Мен өзімнің жұмсымдағы дағдыларымды жақсартып, кәсіби әдебиетті оқи бастадым. Кайдзеннің көмегімен аз-маз өзгерістердің өзі және жақсартуға деген үнемі ұмтылыс өмірде үлкен нәтижелерге әкелуі мүмкін екенін түсіндім. Бұл философияның арқасында мақсаттарыма жетемін және өзімнің ең жақсы үлгім болатыныма сенімдімін».

Жоспарлауды үйреніп, ерекше сезімде болдым, жұмыс өзінен өзі істеліп жатқандай. Осылайша өз сезімдерін Кайдзен жобасының қатысушысы Бауыржан Кемельжан сипаттады.

«Сонымен қатар мен демалыс пен белсенділік арасындағы тепе-теңдіктің сақталуын бақылаймын, және өзіме тапсырмалар беремін, - деп нәтижелерімен бөлісті. – Бір аптада 7-10 нанымдарымды өзгерте аламын! Тамақтануды ұйымдастыру, жұмыс мәселелерін шешіп үлгеру, және әрбір әрекет жасаған сайын бір нәрсені болса да жақсарту. Мен өзімді 80%-ға тиімді сезінемін, өйткені миссиямды анықтадым, мақсаттар иерархиясын құрдым, оларды жобаларға бөлдім. Оқу барысында ынталандыру жүйесі көшбасшылық қасиеттерді, мақсаттылықты және топшылдықты «іске қосуға» көмегін тигізді. Соның арқасында мен лезде негізгі материалды өтіп, қосымшаға кірістім, ағым енгіздім және өзімнің критерийлеріме техникалық бейімдедім».

«Кайдзен тәсілдемесі аздаған, бірақ жүйелі өнімділіктің өсуіне және жұмыс сапасының жақсаруына бағытталған өзгерістерге көбірек мән береді, - дейді Ельмира Турумбетова. – Кайдзен – бұл үнемі жетілдіру, ұзақ мерзімді табыстың және бизнес тұрақтылығының кілті. Бөл жүйені біздің компанияға енгізу әр қызметкер жалпы нәтижеге өзінің жауапкершілігін сезінетін, ізденушілікке және жақсартулар енгізуге ынталы болатын мәдениет пен атмосфераны құрады. Кайдзенге тек өндірістік үрдістерді оңтайландыру ғана емес, сонымен қатар бастаманы және шығармашылықты көтермелеу де кіреді».

«Біздің жұмыс орындарымызда Кайдзенді енгізу үрдістердің айтарлықтай жақсаруына әкелді. Әдістерді қолдану жұмыс орындарын оңтайландыруға және көптеген тиімді емес әрекеттерді жоюға мүмкіндік берді, - деп қорытындылады Нұрлан Жақан. – Біз тапсырмаларды орындауға кететін уақыттың және қателердің азайғанын көрдік, бұл біздің көрсеткіштерге оң нәтиже берді. Жетілуге шек жоқ, жалғасы бар!».

Кайдзен қағидаттарын 3-ЖЭО-ға енгізудің алғашқы нәтижелері күткенімізден асып түскенін оның қатысушылары да белгіледі. Сондықтан да «АлЭС» АҚ Кайдзен Тұжырымдамасының қағидаттарына бас кеңседе оқыту жүргізуді жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -