«Сырым»  БӨП-ға шектеулер 29 шілдеден бастап мүмкін

2706
Фотосурет: Gov

Сырым» БӨП-інде көлік қозғалысының ықтимал шектелуі туралы, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҰҚК Шекара қызметі а.ж. 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.

Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы «Маштаково» БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған.

Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.

Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -