FlyArystan кезекті рет Airbus A320 ұшағына ие болды

2739
Фотосурет: FlyArystan

FlyArystan қазақстандық лоукостерінің әуе флоты 180 орындық Airbus A320 CEO моделінің жаңа ұшағымен толықты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әуе кемесі Recaro брендінің кең және ыңғайлы орындықтарымен жабдықталған. Барлық Airbus A320 модельдері секілді, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін ұшақ салонында төмен шу деңгейі және көптеген жарықтандыру нұсқалары қарастырылған.

«Airbus A320 біздің желі үшін тиімділігімен ғана емес, сонымен қатар қысқа және орта қашықтыққа ұшу үшін әлемдегі ең ыңғайлы ұшақтардың бірі ретінде танылған. Бұл толығу біздің жолаушыларымызға үздік саяхат тәжірибесін ұсынуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Әсіресе, авиацияда жоғары сұраныс маусымы болып табылатын жазғы кезеңде бұл аса маңызды» Ричард Леджер, FlyArystan президентінің м. а.

Ұшақ атауын дәстүр бойынша әуе компанияның жолаушысы таңдады. Бұл жолы ұшақ атауын әуекомпания рейсінің жолаушысы Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалында анықтады. Аттас жұлдыздың құрметіне ұшақ «Альтаир» атауына ие болды. Ол қазақстандық лоукостердің әуе паркіндегі 23-ші ұшақ ретінде тіркелді.

FlyArystan – өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастаған қазақстандық лоукостер. Әуекомпания Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларындағы базалардан A320 ұшақтарының қазіргі заманғы әуе паркінде кең маршруттық желі бойынша рейстерді орындайды. FlyArystan маршруттық желісі Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, БАӘ, Катар және Қытайға ішкі және халықаралық бағыттар мен чартерлік рейстерді қамтиды. FlyArystan екі рет Skytrax World Airline Awards 2023 және 2024 жылдары Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік авиакомпания болып танылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -