Жәнібек Әбдірашов жаңа тағайындауға ие болды

2695
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы СІМ Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ж. Абдрашов 1977 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолын ҚР СІМ Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаментінің юрисконсульты лауазымынан бастаған. 2004-2006 жылдары Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

2006-2010 жылдар аралығында Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.

2010 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, содан кейін 2014 жылы Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы болып тағайындалды.

2017-2019 жылдары – Нью-Йорк қаласындағы ҚР Бас консулы.

Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы болып тағайындалғанға дейін 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі болды.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Ағылшын тілін меңгерген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -