Батыс Қазақстандағы инвестициялық бағдарлама және жөндеу жұмыстары

4554
Фотосурет: Gov

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Батыс Қазақстан облысының энергетикалық кәсіпорындарын аралады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов «Батыс Қазақстан өңірлік компаниясы» ЖШС-де болып, электржелілік кәсіпорынның қызметімен және күрделі жөндеу, сондай-ақ инвестициялық бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Бас директор Қуат Мусин табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен энергия объектілерін қалпына келтіру жұмыстарының ағымдағы барысы, электр желілерінің жай-күйі және одан әрі жаңғырту жоспарлары туралы баяндады. Бұдан әрі Сұңғат Есімханов Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында болып, кернеуі 0,4 -10 кВ жоғары вольтты желілердің темірбетон тіректерін қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Сонымен қатар сапар барысында Сұңғат Есімханов «Жайықжылуэнерго» АҚ Орал ЖЭО-да және жылу желілерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тұрақты негізде энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына мониторинг жүргізеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -