Алматыда LEGO брендімен 3145 контрафактілік ойыншық тәркіленді

5731
Фотосурет: Gov

Әділет министрлігі "LEGO" брендінің атауын жамылған контрафактілік өнімдердің саудасына тосқауыл қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024 жылғы 25 шілдеде Алматы қаласында әділет органдары «LEGO» тауар белгісін заңсыз пайдалану бойынша контрафактілік өнімді өткізу фактісінің жолын кесті.

«Lego Juris A/S» компаниясы өкілінің өтініші бойынша Алматы қаласының көтерме сауда базарларының бірінде көтерме саудамен айналысатын «Б» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында балалар конструкторларында «LEGO» тауар белгісін заңсыз пайдалану анықталды.

Нәтижесінде: 4 миллион теңгеден астам сомаға 3145 контрафактілік өнім алынды. Бұл ойыншықтар зияткерлік меншік құқығын бұзып қана қоймай, балалардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Контрафактілік ойыншықтарда қауіпті химиялық заттардың болуы және сапасыз материалдардан жасалуы мүмкіндігі зор. Бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.

Контрафактілік өнімдер танымал брендтерге деген сенімге нұқсан келтіріп, адал өндірушілерге зиян тигізеді. Қазіргі уақытта 
ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүргізу шаралары қабылдануда. Істің материалдары кінәліні одан әрі жауапқа тарту үшін сотқа жіберілетін болады.

Әділет органдары тұтынушылардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ете отырып, контрафактілік өнімді өткізу жағдайларын анықтау және жолын кесу жөніндегі өз жұмысын жалғастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -