Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ведомство басшысы бұйрығының жобасын (бұдан – Жоба) әзірледі. Құжат жария талқылау үшін 2024 жылғы 26 тамызға дейін «Ашық НҚА» порталына орналастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қағидаларға негізгі түзетулер (өзгертулер мен толықтырулар) мыналарды көздейді:
- Өтінімдер қабылдау процесін оңтайландыру. Жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдаудың нақты мерзімдері белгіленді.
- Автоматтандыру және цифрландыру. Жұмыс берушілердің талаптарға сәйкес келуін Электрондық еңбек биржасы арқылы автоматты түрде тексеруді ендіру, бұл жұмыс берушілердің тізбесін қалыптастыру процессін жеңілдетеді.
- Жұмыс берушілердің арасында субсидияланатын жұмыс орындарын бюджет шегінде бөлетін норманы енгізу.
- Жұмыс берушілердің субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қайта қатысуының өлшемшарттарын айқындау, бұл ұзақ мерзімді жұмысқа орналастыруға ықпал етеді.
- Еңбек мобильділігі орталықтарының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу.
Осы Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.
Құжатпен сілтемесі бойынша «Ашық НҚА» порталынан толығырақ танысуға болады.