Магистратураға мемлекеттік гранттарды кім алды? Тізім жарияланды

4048
Фотосурет: freepik

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды DKnews.kz.


 
Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
 
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. 
 
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты.
 
Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
 
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ және Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арналарында танысуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -