Қонаев десантшылары әскери қызметшілердің отбасыларын қолдады

4411
Фотосурет: Gov

Қонаев гарнизонының десантшылары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

32363 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көпбалалы отбасыларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, жесірлерге және жалғызбасты аналарға мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесті. 

Бөлімнің жеке құрамы 15 оқушыға мектеп сөмкелерін алып, ішін қажетті кеңсе заттарымен толтырды. 

"Бөлімнің басшылығына және 35-ші жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының барлық жеке құрамына көрсеткен ықыласы мен қамқорлығы үшін алғысымды білдіргім келеді. Сыйлық сөмкелерінде оқушыға қажет нәрсенің бәрі: дәптерлер, альбомдар, күнделіктер, қаламдар, қарындаштар, бояулар және пластилиндер бар" 32363 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Шынар Ахметова

Жыл сайын десантшы жауынгерлер «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуды жақсы дәстүрге айналдырған. Осылайша, әскери қызметшілер қиындыққа тап болған адамдарға қол ұшын береді. Мұқтаж адамдарға материалдық және моральдық қолдау көрсету оларға сенімді нығайтып, достықты дәріптеуге мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -