Халықаралық іздестіру: "Thefiniko" ұйымдастырушысы алаяқтық үшін іздеуде

8723

Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасын ұйымдастырушы халықаралық іздеуде деп жариялады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы.

Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.

Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Атап айтқанда, «Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша,
+7-727-279-29-56 - кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимдікке кепіл береміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -