Олжас Бектенов: Ассамблея ел бірлігін нығайтуға зор үлес қосып келеді

1551
Фотосурет: t.me/KZgovernment

Олжас Бектенов қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ел азаматтарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтады. Бұл күн ел тарихындағы бейбітшілік пен достықтың, татулық пен ынтымақтың нышаны ретінде ерекше маңызға ие.

Премьер-министр өз құттықтауында халқымыздың бірлігі мен келісімі – еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік іргетасы екенін атап өтті. «Бірлігі бекем ел озар» деген халық даналығын мысалға келтірген Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағыты да дәл осы құндылықтарға сүйенетінін атап көрсетті.

Бүгінде Қазақстан жаһандық сын-қатерлерге бірлесе төтеп беріп, болашағы жарқын ел ретінде алға басып келеді. Бұл жетістіктің негізінде – ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара түсіністігі мен сыйластығы жатыр.

«Барын бағалай білген, бейбітшілік пен жарастық үстемдік құрған елдің келешегі кемел», – деген Премьер-министр татулық пен ауызбіршілікті сақтау әрбір азаматтың перзенттік парызы екенін ерекше атап өтті.

Құттықтау соңында Олжас Бектенов барша қазақстандықтарға зор денсаулық, отбасылық амандық және еңбекте табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -