Ұлттық ұланда 30-дан астам ұлт өкілдері қызмет етеді

1485
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Бүгін көпұлтты еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық толеранттылық мерекесі — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық полкінде түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мереке қарсаңында олар қарулас достарына өздерінің мәдениеті мен дәстүрінің элементтерін тарту етті.

"Құқықтық тәртіп әскерінде жыл сайын  татулық күніне орай "Бір шаңырақ астында", "Бірлік сабақтары", "Қазақстан — ортақ үйіміз" атты дәстүрлі акциялар өткізіледі. Бұл іс-шаралар еліміздің бай мәдени мұрасын көрсете отырып, әскери қызметшілер арасындағы ұлтаралық келісімді, патриотизм мен достықты нығайтуға ықпал етеді" 6636 әскери бөлімі командирінің орынбасары Нұрлан Башенов

Айта кетейік, бүгінде Ұлттық ұлан қатарында отыздан астам ұлт өкілдері қызмет етуде. Олардың ішіндегі саны жағынан ең көбі — орыс, өзбек және татар ұлтының өкілдері. Сондай-ақ, ұландық сарбаздар сапында эстондықтар, гректер мен камчадалдар да бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -