Қазақстан мен ЮНИСЕФ балалардың денсаулығын сақтау саласындағы әріптестікті тереңдетуде

6611
Фотосурет: Gov

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қоры өкілі, доктор Рашед Мұстафа Сарвармен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық пен балалар мен жасөспірімдер денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«Денсаулық сақтау саласындағы негізгі серіктес ретінде ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастығымыздың арқасында әсіресе, балалардың психологиялық саулығы, дұрыс тамақтану, емшекпен емізу, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және патронаждың прогрессивті үлгісін жүзеге асыру жұмыстарын алға бастыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілуде» Ақмарал Әлназарова

Министр патронажды қадағалаудың бірегей прогрессивті үлгісін (ПҚБПҮ) күшейтудегі ЮНИСЕФ-тің рөлін ерекше атап өтті және жоспарлау мен үйге барған кездегі жұмысты бақылауды жақсартатын, патронаждық медбикелерге арналған мобильді қосымшаны әзіррлеуге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Тараптар алдағы уақытта серіктестікті одан әрі, әсіресе семіздікпен күрес, балалардың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты және педиатриялық көмек сапасын арттыру бағытында тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -