Шетел азаматы ұландықтарға алғыс айтты

11055
Фотосурет: ІІМ ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері V дүниежүзілік Көшпенділер ойынын тамашалауға келіп, баласын жоғалтып алған Түрік елінің азаматына көмектесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 16:30 шамасында Этноауыл қалашығында орын алған. Кіші сержант Рауан Иманбердиев пен ефрейтор Нұрдос Манас қараусыз қалған, жылап тұрған баланы байқап қалады. Дереу ата-анасына іздеу салған 5573 және 5451 әскери бөлімдерінің жауынгерлері көп ұзамай баланың әкесін табады. Балақайдың сөзі мен реакциясынан осы азаматтың оның әкесі екеніне көз жеткізген соң, қызын табыстайды.

Айта кетсек, 8-13 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан ауқымды іс-шарада қауіпсіздік — басты назарда. Сондықтан елордада ұландықтар күшейтілген режимде қызмет етуде. Айтулы іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын сақтау үшін шамамен 6000 мың күш құрылымдары жұмылдырылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -