ҰҚК қарудың заңсыз айналымының ірі арналарын тоқтатты

6083
Фотосурет: Gov

А.ж. шілде-тамызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас Прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамдардың заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астанада жүргізілген тінтулер барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде – 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынды.

Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды.

41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді.

Қарудың заңсыз айналымымен күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -