Мереке қарсаңындағы ашық есік күні

11990
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизонындағы 10810 әскери бөлімі мектеп оқушыларына «Әскер балалардың көзімен» тақырыбында ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл шара танкішілердің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылды.

Қарулы күштердің мәртебесін көтеру, әскери мамандықты көпшілікке танымал ету және жас патриоттарды тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға қаладағы №4 жалпы орта білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушылары қатысты. ​ Әскери бөлімде ұйымдастырылған аталмыш ашық есік күні аясында оқушыларға  әскери техникалар мұражайы  көрсетіліп, офицерлер мен сержанттар түрлі қару түрлерімен және ұрысты жүргізуге арналған құрылғылармен таныстыру сабақтарын өткізді. ​

Сонымен қатар, әскери киім үлгілерімен және қару-жарақ түрлерімен жақынырақ танысты. Әскери бөлімнің офицер-тәрбиешілері әскери өмір мен тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірді. ​10810 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бақыт Қашқынбаев болашақ Отан қорғаушыларға арнаған сөзінде жас патриоттарға әрқашан алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді, оқуда және спортта жеңіске жетуді, салауатты өмір салтын ұстануды, патриот және өз елінің беткеұстар азаматы болуды тіледі.

Жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Сондықтан олардың бойына патриоттық тәрбие сіңіру үшін мұндай ашық есік күндердің маңызы зор. Негізі қалалық білім беру ұйымдарының сұрауымен ашық есік күні жиі өткізіліп тұрады Подполковник Бақыт Қашқынбаев

Мұндай таныстыру шараларын өткізу өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға, адмгершілікке тәрбиелеуге зор ықпалын тигізеді. Мұғалімдер мен оқушылар әскери қызметшілерге қонақжайлықтары мен жылы қабылдаулары үшін алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -