Еліміздің әскерін қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне бейімдеу аса маңызды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Абай гарнизонына қарасты 30217 әскери бөлімі «Шығыс» оқу жаттығу полигонында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар жағдайында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін ұсынды.
Атап айтқанда әскерилерге траншейлік ұрыс әдіс-тәсілдеріне арналған жаттығулар өткізілді. Оның барысында жауынгерлер қорғаныс позициясын құрудың, қорғаныс пен шабуыл жасаудың ерекшеліктерін зерттеді. Ал нұсқаушылар оларды дауындау үшін бәрін барынша шынайы жасады.
- Окоптық оқу-жаттығулар жау позициясын барлау, оның барысында оларға шабуылдау, окоптық жүйені құруға бағытталған. Оқу-жаттығуда жұптасып жұмыс істеу, топ арасында үйлесімділік болуы аса маңызды, - дейді арнайы мақсаттағы барлау ротасының командирі капитан Елдос Асан.