Әскери тәрбиешілер бас қосты

6028
Фотосурет: ІІМ ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Өскеменде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлім бастықтары және батальондар командирлерінің орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиынға Павлодар, Семей, Курчатов және Өскемен қаласынан 15 офицер қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – тәрбиелік сипаттағы күнделікті іс-шараларды ұйымдастыруда әдістемелік дағдыларды жетілдіру. Қатысушылар жеке құрамды тәрбиелеуде жаңа тәсілдерге бет бұрып, өзара пікірі алмасу арқылы өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады. Сондай-ақ тәрбиеші-офицерлер дене дайындығы мен басшылық құжаттардан сынақ тапсырып, қабырға баспасынан байқауға қатысты.

- Жеке құрамның моральдық рухы мен психологиялық жай-күйі оң бағыттағы  тәрбие әдістемесіне байланысты. Ал тәрбие әдістемесін санаға сіңіру әрбір азаматтың өзінен басталады. Ол үшін алдымен әскери қызметшінің бойында өмірге деген құштарлық болу қажет.  Бұл қасиет алға қойған мақсаттың орындалуына зор серпін береді, - дейді «Шығыс»  өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев.

Тәрбиешілердің  кәсіби  шеберлігін  шыңдауға  бағытталған  үш күндік жиынның  қорытындысы  бойынша үздік тәрбиеші офицерлер анықталып, басшылықпен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -