Ұландықтар тұрғындарға жоғалған телефондарын тауып берді

7161
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның Шымкент жедел құрамасының әскери жасағы қызмет атқару кезінде қала тұрғындарына жоғалған телефондарын қайтарып берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

11 қыркүйек күні сағат 20.35 шамасында Түркістан ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару барысында әскери жасақ бастығы ефрейтор Рамиль Нұрмағамбетов ю, патрульші сарбаздар Нұрбахыт Арысбеков, Александр Карташовпен және Әли Әйтімовпен "Honor" маркалы ұялы телефон тауып алады.

Олжа туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарлайды.  Сарбаздар смартфон иесін анықтап, растығына көз жеткізіп табыстайды. Ол өз кезегінде ұландықтарға адал қызметтері үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, осы күні сағат 21.50 шамасында әскери жасақ бастығы ефрейтор Нұрасыл Долдаш, патрульдер Ержан Санабекұлы мен Берекет Кемалов патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде жерден "IPhone 14" маркалы телефон табады.

- Гаджетті тапқаннан кейін дереу патрульдік топтың бастығына хабарладық. Базаның көмегімен телефон иесіне қоңырау шалып, қуанышты хабарды жеткіздік. Көп ұзамай оған мобильді құрылғысы қайтарып берілді, - дейді әскери жасақ бастығы.

Қуанышы қойнына сыймаған бойжеткен қырағы және адал қызмен үшін әскери жасаққа ризашылық білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -