Қыркүйектің 9 мен 12 аралығында Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде Шымкент қаласы «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы аясында әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында ауқымды семинар сабағы өтті. Сабақты қаржылык эксперт-маман Асқарова Жұлдыз Жанатқызы ұйымдастырды.
Қазіргі танда елді елендетіп отырған әлеуметтік-экономикалық мәселенің бірі қарапайым халықтың әртүрлі деңгейлік банктер мен қаржылық ұйымдар алдындагы берешегі. Әрбір шаңырақтағы қаржыға келіп тірелетін әлеуметтік проблемалардын кесірінен отбасының ойран болып жатқаны жасырын емес.
4 күнге созылған сабақтың әскери қызметшілеріміз үшін маңызы өте жоғары болды. Жеке және отбасылық бюджетті құрастыра білу, несиесіз тауарлар мен мен қарыздың тұзағына түспеудің қызметтерді алу мүмкіндігін, несие жолдарын талдай білу сияқты ақпараттарды ашық айтты.
Әскери қызметшілерге қазіргі таңда өкімет қамтамасыз етіп отырған тұрғын-үй төлемдерін оңтайлы пайдаланудың қарапайым жолдары да түсіндірілді.
Сабақ аяқталған күні қаржылық сауаттылық бойынша семинарға қатысқан барлық әскери қызметшілерге арнайы сертификат табысталды.
Капитан Шынжигитова Малика, 6698 әскери бөлімі