Мемлекеттік қызметшілердің этикасы: азаматтарға сапалы қызмет көрсету

8470
Фотосурет: Gov

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде а.ж. 12 қыркүйегінде Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасы орынбасары Қанат Мыңбаевтың қатысуымен «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметте Әдеп нормаларын сақтау» тақырыбында семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Семинар барысында қатысушыларға әдеп кодексінің негізгі ережелері мен әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі туралы кеңінен ақпарат берілді.

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлжахан Үсенова әдеп жөніндегі уәкілдердің қоғаммен байланыста жұмысының маңыздылығына тоқталды. «Мемлекеттік қызметшілер халықтың көз алдында жүретін тұлғалар, оларға қоғамдық орындарда мінез-құлық үлгісі болуы керек», – деп толықтырды Гүлжахан Үсенова.

Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын түсіндіру, олардың кәсіби мінез-құлқын нығайту және Әдеп кодексінің талаптарын орындау жөніндегі міндеттерді айқындау болып табылады. Бұл шара мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық нормалар мен стандарттарды нығайтуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

Қатысушылар семинардың өзекті тақырыптары бойынша белсенді пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -