"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында Алматыда 130 тонна қоқыс жиналды

8822
Фотосурет: Gov

Алматыда Қала күні қарсаңында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қалада жаппай тазалық жұмыстары өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға еріктілер мен қаланың коммуналдық қызметтері қатысып, 103 бірлік техника мен 1400-ден астам адам жұмылдырылды.

«Бүгін әсем қала - Алматы күні қарсаңында белсенді жастар, қаланың жаппай тазалық жұмыстарына қатыстық. Қаламыздың тазалығы мен сұлулығын сақтау – менің азаматтық борышым. Сенбіліктің арқасында жаңа достар таптым, командада жұмыс істедім және қаламыздың тазалығына кішкентай болса да үлес қостым», — деді ерікті Дарын Ершатов.

Қатысушылар демалыс аймақтарын, өзен жағалаулары мен бос жатқан жерлерді тазалады, оның ішінде Бент тоғандары, Үлкен Алматы өзені, Қарғалы өзені және басқа да аумақтар бар. Сондай-ақ, Бұқар Жырау бульвары, Ангарская көшесі, Мұзтау шағын ауданы және басқа да қоғамдық орындар тазартылды.

Сенбілікте қатысушылар шамамен 652 м³ (130,4 тонна) қоқыс жинап, шығарды. Мұндай сенбіліктер қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және Қала күні қарсаңындағы дайындыққа үлес қосты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -