Аягөз гарнизонында профилактикалық сабақ өтті

6424
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің бастамасымен «Заң және тәртіп» айлығы аясында гарнизондағы әскери бөлімдердің барлық санаттағы әскери қызметшілерімен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған сабақ өткізілді.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – ұжымдағы әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жалпы құқықтық негіздерді түсіндіру болды.

Қазақстан Республикасы Әскери полиция Бас басқармасының 2024 жылғы қыркүйек айына жоспарланған негізгі іс-шаралары аясында өткізілген сабаққа гарнизондағы әскери полиция бөлімінің алдын алу бөлімшесінің бастығы капитан Руслан Сүтжанов, әскери полиция бөлімі автомобильдік полиция бөлімшесінің офицері лейтенант Д.Телебаев, Аягөз аудандық көпсалалы ауруханасының психологы Жадыра Ахметова, «Қазығұл ата» мешітінің   имамы М. Тушкышбаев және қаладағы ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Ж.Байтөлеуов, Аягөз аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Б.Салихова қатысты.

Сабақ барысында арнайы келген мамандар ішімдік пен есірткілердің зардабы, психотропты заттарды заңсыз сақтау мен өткізу және жат ағымның әскери ортада енуіне жол бермеу, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзбау тақырыптары аясында өз баяндамаларын жасап, заң талаптарын жеткізді. Бұдан бөлек қонақтар жеке құрамның назарына құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған қысқа метражды бейнероликтерін ұсынып, сауалдарға жауап берді.

"Аягөз гарнизонында әскери қызметшілердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мен құқықтық танымдарын жетілдіру мақсатында жоспарланған бүгінгі сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Осы кездесу барысында жеке құрамға кез-келген құқық бұзушылықтың салдары үлкен қылмысқа әкеліп соғатыдығы жеткізіліп, мамандармен толық ақпарат берілді"  Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Руслан Сүтжанов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -