Степногорск қаласында заңсыз аударымдар схемасы ашылды

6710
Фотосурет: freepik

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады.

Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған.

Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңгені құрады, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -