Прокуратура құрылыс жобаларында ұрлық схемасын ашты

6809
Фотосурет: freepik

Науырзым ауданының прокуратурасы құрылыстағы заңсыз шығындарды анықтады

Науырзым ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады.

Осылайша, орындалған жұмыстардың актілерін зерделеу барысында аудан аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асырған екі өнім берушінің қысқы уақытта жұмыстарды орындағаны үшін шығыстарды заңсыз қосқаны, ал іс жүзінде жұмыстар жазғы-күзгі кезеңде орындалғаны анықталды.

Осыған ұқсас бұзушылықтар 2021 жылғы актілерде белгіленген.

Заңсыз төленген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы шамамен 16 млн теңгені құрады.

Аудан прокуратурасының мердігерлік ұйымдарға қатысты ден қою актісі бойынша қазіргі уақытта қанағаттандырылған талап арыздар берілді.

Бүгінгі таңда бюджетке 7,4 млн теңге қайтарылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -