Маңғыстау спорт орталығында 117 млн теңге ұрланған

6974
Фотосурет: Depositphotos

Маңғыстау прокурорлары спорт саласындағы жемқорлықты әшкереледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады.

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.

Аталған факт облыс прокуратурасымен тергеліп, нәтижесімен қылмыстық іс ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру)  сотқа жолданды.

Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес  қылмыстық жазадан босатылған,  бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас ботандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -