Қазақстанда наурыз айының соңына дейін «Достық - Бескөл» станциялары арасындағы екінші жолдарда қозғалыс ашылады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл туралы Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінде хабарлады.
Аталған бағыт «Достық - Мойынты» жобасының бір бөлігі саналады. Бұған дейін 127 шақырымдық «Балқаш - Мойынты» учаскесінде қозғалыс іске қосылды.
Жалпы ұзындығы 166 шақырымды құрайтын жаңа бағытта қазіргі таңда соңғы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаскенің ашылуы транзиттік тасымалдау әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы ұзындығы 836 шақырымды құрайтын «Достық - Мойынты» теміржол жобасының толық аяқталуы осы жылдың ортасына жоспарланған.