Маңғыстауда 27 мыңнан астам адамға айыппұл салынуы мүмкін

5588
Фотосурет: freepik

Маңғыстау облысында 27 мыңнан астам адам әлі декларация тапсырған жоқ, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларацияны тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін санаулы сағаттар қалғанын хабарлайды! 250.00 және 270.00 нысанды декларацияларды тапсыру мерзімі 2024 жылғы 16 қыркүйекте аяқталады, декларацияларды бүгінгі күннің 23 сағат 59 минут 59 секундына дейін тапсыру қажет.

Бүгінгі күні Маңғыстау облысында 250.00 нысаны бойынша декларацияны – 14 457 жеке тұлға тапсырған жоқ, ал 270.00 нысаны бойынша -13 096 облыс тұрғындары тапсырмаған.

Айта кетейік, ҚР Салық кодексіне сәйкес есептіліктің осы нысандарын 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсыну қажет. Алайда, 2024 жылы 15 қыркүйек жексенбіге – демалыс күніне келеді. Салық кодексінің 38-бабына сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

Осылайша, 250.00 және 270.00 СЕН ұсыну мерзімі 2024 жылдың 16 қыркүйегінде аяқталады.

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет» порталы, «е-Salyq Azamat», «eGov mobile» мобильді қосымшалары, Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz. банктердің қосымшалары арқылы ұсынуға болады.

Бірінші рет декларацияны ұсынбау немесе ақпаратты анық емес көрсету ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.

Бір жыл ішінде бұзушылықтар қайталанған жағдайда, уақтылы тапсырмағаны үшін – 55 380 теңге (15 АЕК), мәліметті анық емес көрсеткені үшін – 11 076 теңге (3 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.

Салықтардың төленбеуіне әкеп соқтырған бұзушылықтар үшін айыппұл төленбеген салық сомасының 200%, бұзушылық қайталанған жағдайда 300% құрайды (салық салу объектісін жасырған кезде).

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -