Қосымша білім беру 3 миллионнан астам баланы қамтиды

13310
Фотосурет: freepik

Қазақстанда 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024-2025 оқу жылында елімізде 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл жалпы білім алушылардың 86,3%-ы, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
 Қазіргі таңда елімізде 1713 мектептен тыс ұйым әр бағыттар бойынша 380 үйірме түрін ұсынады: ғылыми-техникалық, музыкалық, көркем-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік педагогикалық және тағы басқалары.
 
Республикалық және өңірлік деңгейлерде 15 жобалық кеңсе, дебаттар мен өзін-өзі басқару штабтары, оқушылар мен студенттердің 20 дебаттық лигасы құрылып, балалардың сыни ойлау және көшбасшылық қабілеттерін дамытуда.
 «Министрлік қосымша білім беру жүйесін дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 2025 жылға дейін ауылдық мектептерде мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 1 мың комьюнити-орталықтарын ашу бойынша жұмыс басталды. Қазіргі уақытта ауыл мектептерінде осындай 468 орталық ашылды. Жалпы 2027 жылға дейін 100 қосымша білім беру орталығын ашу жоспарланған» ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие және қосымша білім беру департаментінде

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -