Ұлттық ұлан сарбаздары нашақорды ұстады

8030
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті күзету бойынша жауынгерлік қызметті атқару барысында 6655 әскери бөлімінің әскери жасақ құрамы, жасақ бастығы қатардағы Касимов Диас және патрульшілер қатардағы Багдабай Еркебұлан мен Джуматаев Ербол патрульдеу барысында  қала көшелерінің бірінен күдікті азаматты байқап қалады, ол әскери жасақты көрген бетте жасырынуға тырысқан, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери жасақтың жылдам әрекетінің нәтижесінде азамат «М» ұсталып, Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жеткізілген. Күдіктіні тінту барысында сыртқы киімінің қалтасынан жасыл түсті өсімдік тектес «Марихуанаға» ұқсас зат табылған. Ұсталған азамат кінәсін мойындады және одан әрі тексеріс жүргізу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына тапсырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -