Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды нығайтуда

5841
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Владимир Мединскиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Пікір алмасу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығы айтылды.

Ерлан Қарин мен Владимир Мединский Қазақстан-Ресей арасындағы гуманитарлық бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар қос мемлекеттің өзара тиімді серіктестігін нығайту жолында белсенді диалогты жалғастыруға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -