2024 жылғы жекпе-жектен Министр кубогының қорытындысы шығарылды

3762
Фотосурет: Gov

Қоян-қолтық ұрыс бойынша ТЖ министрінің 1-кубогы жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024 жылғы 29 қыркүйекте ҚР ТЖ министрі Кубогының ресми ашылуы өтті. Салтанатты шараға ведомство басшылығы, қызметкерлер мен спортшылар қатысты.

ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов сөз сөйлеп, аталған турнир азаматтық қорғау қызметкерлері арасында спортты одан әрі дамытудың алғашқы қадамы екенін атап өтті. Өз сөзінде ТЖМ басшысы министрлік тарапынан бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар ол ұйымдастырушыларға турнирдің жоғары деңгейде өткені үшін алғыс айтып, жарысқа қатысушыларға табыс тіледі.

Қоян-қолтық ұрыс еліміздің барлық күштік құрылымдарын баулитын болады. Дәл осы жекпе-жек сияқты спорт түрі оларды шынықтырып, күшті, төзімді етеді.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында 8 салмақ дәрежесінде және әйелдер арасында 6 салмақ дәрежесінде 14 мықты спортшы анықталды.

Одан әрі салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, «Үздік жауынгерлік техника» және «Жеңіске деген ерік үшін» номинациялары берілді.

Жалпыкомандалық есепте ТЖ министрінің қоян-қолтық ұрыстан бірінші кубогын Ақмола облысы ТЖД, екінші орынды Алматы құрамасы және үшінші орынды Маңғыстау облысы ТЖД жеңіп алды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар қатарындағы жауынгерлер жоғары спорттық жарыстарда ведомствоның намысын қорғайтын ТЖМ құрама командасына кіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -