Мәжіліс Төрағасы референдумда өз таңдауын жасады

20075
Фотосурет: Ж.Жұмабеков

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Фото Ж.Жұмабеков

Мәжіліс Төрағасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ғимаратында орналасқан №163 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Фото Ж.Жұмабеков

"Бүгін – біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Еліміздің болашағына қатысты үлкен шешім қабылдануда. Ең бастысы, бұл шешімді халық қабылдап жатыр. Бұған дейін біз Конституциялық реформа қабылдадық. Оның басты мақсаты – әр адамның мемлекеттің саяси өміріне еркін қатысуын қамтамасыз ету. Бүгін біз соның нақты іске асқанын көріп отырмыз. Барлық аймақтағы азаматтарымыз өз даусын беріп жатыр. Өңірлерден келіп жатқан ақпараттарға қарағанда, белсенділік өте жоғары. Халық мемлекетіміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын"   Ерлан Қошанов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -