Шымкент-жаңа туристік ашылу

14366
Фотосурет: Gov

Шымкент қаласы шетелдік және жергілікті туристер арасында ең танымал бағыттардың біріне айналып келеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мәселен, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы деректерге сүйенсек, еліміздегі үшінші мегаполиске алты айда 252 919 турист келген. Оның 237 163-і отандық туристер болса, 15 756-сы шетелдік азаматтар. Қаладағы қонақ үйлер мен отельдер жарты жылда 5,3 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен.

Шымкент саяхатшылардың жүрегін өзінің жылы климатымен, қонақжайлығымен және бай мәдени мұрасымен жаулап алып жатыр.

Шырайлы Шымқала туралы шетелдік туристердің пікірі қандай?

«Біз көптеген жерлерді аралап, керемет табиғи көріністерге куә болдық. Тіпті табиғат аясында атқа міндік. Қала көшелерімен жай серуендеп жүріп-ақ көп дүниеге қанықтық», - деді таиландтық саяхатшы.

«Шымкент өте керемет қала екен. Мұнда мейірімді адамдар көп және тап-таза. Біз қаланы одан әрі зерттеп, тани бермекпіз», - дейді қала туралы әсерімен бөліскен америкалық отбасы.

Сондай-ақ келушілер Шымкентте туристер саны жыл сайын артып келе жатқанын, ал қала әр адам басынан кешіруі тиіс ұмытылмас әсер ұсынатынын айтады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -