Салық органдары ҚҚС-ты бақылауды күшейтті

5995
Фотосурет: freepik

ҚҚС бойынша декларацияларда кірістерді төмендету және шығыстарды арттыру

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың 27 және 30 қыркүйегінде 2021 жылдың 3 тоқсаны мен 2024 жылдың 2 тоқсаны үшін қосылған құн салығы бойынша (300.00 нысан) сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша ҚҚС сомасын төмендету және ҚҚС есепке алу сомасын арттыру фактілерін анықтауға байланысты камералдық бақылау хабарламалары жіберілгенін хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Хабарламалар электрондық шот-фактуралар, бақылау-кассалық машиналар және салықтық есептілік деректерін салыстыру негізінде жасалған.

Хабарламаға сәйкес салық төлеушіге отыз жұмыс күні (немесе шамамен 45 күнтізбелік күн) беріледі.

Егер бұзушылықпен келіссе, қосымша салықтық есептілік тапсыру керек, ал келіспеген жағдайда – бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беру қажет.

Салық төлеушілерді камералдық бақылау хабарламаларының талаптарын уақтылы орындауға шақырамыз.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының Салық кодексі нормаларына сәйкес хабарламадағы анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда салық органдары салықтық тексеру жүргізуге құқылы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -