Ұландықтар өрт аймағынан адамдар мен газ баллондарды алып шықты

29238
Фотосурет: Gov

12 қазан күні сағат 20.00 шамасында Астана қаласында Есіл жағалауындағы мейрамханалардың бірінен өрт шығады. Сол маңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген ҚР ІІМ Ұлттық ұланының сарбаздары оқиға орнына алғаш боп жетеді.

Капитан Д.Бакен бастаған әскери жасақ жауынгерлері бірден мейрамхана қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығарады.

Дереу өрт сөндіру қызметіне және құқық қорғау органдарына хабар береді. Бұл уақытта өзге жасақтар уақыт жоғалтпай асүйге өтіп, жарылыстың алдын алу мақсатында газ баллондарды да өрттен қашық жерге алып шығады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қала көшелерінің тыныштығын қамтамасыз ету кезінде Мәмбетов көшесі 3 мекен-жайында орналасқан мейрамханадан шыққан түтінді байқадық. Патрульдік топ бастығы лейтенант Жансүгіровтің басшылығымен, әскери жасақтар өрт аумағын қоршауға алып, тиісті шараларға кірісті. Оқиға орнына өрт сөндіру тобын шақырдық. Олармен қатар, тәртір сақшылары да жұмыс істеп жатыр, - дейді Ұлттық ұлан офицері.

Өрттың шығу себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -