Павлодарлық әскери бөлімдер тексерістен өтуде

3740
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы инспекторлық тексерістен өтуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған арнайы  комиссия алғашқы тексеру жұмыстарын Павлолардағы 5512 әскери бөлімінен бастады.

Төрт жылда бір келетін кешенді тексерісте Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктері сынға түсуде. 

Басты мақсат- "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жауынгерлік жай-күйін, әскери қызметшілердің  кәсіби қабілеттерін  анықтау.

Тексеріс барысында  әскери қызметшілер оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -