Павлодарда Ұлттық ұлан сарбаздары шеру жасады

3861
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодар қаласында орналасқан 6679 әскери бөлімінің 2-2023 және 1-2024 жылғы шақырылым сарбаздарымен 150 шақырымдық шеру тактикалық-арнайы сабағы өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Павлодар қаласынан бет алған шеру  Пресное кентіне дейін барып, қайта кері қайтты. Оқу-жаттығу барысында жас жауынгерлер өздерінің алған білімдерін іс-жүзінде қолданып қиын жағдайларда техниканы басқарып, әртүрлі кедергілерді еңсеріп, шектеулі және ойық өтпелерден өтті.

- Ұлттық ұлан қатарына шақыртылғанда жауынгерлік техниканы басқарудан хабарсыз едім. Ұзақ қашықтықты қамтыған бүгінгі шеруден мол тәжірибе алдым. Жол қауіпсіздігін сақтай отырып, әскери техниканы діттегеген жерге жету үлкен  жауапкершілікті талап етеді, – дейді 6679 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Алмас  Ерқанатов.

Ұлттық ұланның жас жүргізушілері тәжірибеде теориялық білімдерін шыңдап, әскери техниканы басқару қабілетін көрсетіп, жауынгерлік машинамен түрлі кедергілерді еңсерудің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асырды.

Алдағы уақытта 150 шақырымды еңсерген жас жауынгерлер әскери көліктерді басқаруға рұқсат алатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -