Қарағандыда "жеңіл атлетика жұлдыздары аллеясында" жаңа есім пайда болды

8382
Фотосурет: Gov

Қарағандыда "Жеңіл атлетика жұлдыздары аллеясында" Париждегі Паралимпиада ойындарының жүлдегері Дастан Мұқашбековтың есімі жазылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Параспортшы ядро лақтыру спорт түрінде қола медаль жеңіп алды.

– Алғысым шексіз! Мені құттықтап жатқандарына өте қуаныштымын. Жерлестер мені мақтан тұтады, енді міне менің жұлдызым осы "Даңқ алеясында" орнатылып жатыр. Егер мен Паралимпиадада алтын медаль алсам не болатынын елестете алмаймын. Бұл менің басты мақсатым, мен оған жету үшін бәрін жасаймын, – деді Дастан Мұқашбеков.

Өткен жылы Қ. Нұржанов атындағы Қарағанды жеңіл атлетика манежінде "Жұлдыздар аллеясы" ашылды. 

Мұнда жеңіл атлетикадан Қазақстандағы жалғыз екі дүркін Олимпиада чемпионы Владимир Муравьев, Олимпиада ойындарының жүлдегері Дмитрий Карпов, сондай-ақ Азия ойындары мен Азия Чемпионаттарының жеңімпаздары Сергей Засимович пен Марина Аитова сияқты облыстың көрнекті спортшыларының жетістіктері мәңгіге белгіленген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -