Волейболдан Турнир: Астанада 16 команда бақ сынасты

8734
Фотосурет: Gov

Республика күні қарсаңында және ҚР мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай волейболдан екі күндік турнир өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге жиыны 16 команда қатысты. Олардың арасында Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты қалалық Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының, Спортты дамыту дирекциясының, Елорда спорт клубының, №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің және №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұжымының командалары да болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

160 адам қатысқан турнирдің ашылу салтанатында Астана қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мәслихаттағы жетекшісі Ғабит Тәжімұратов пен Астана қаласы мәслихатының VIII сайланым депутаты, мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссиясының төрағасы Кендебай Адамбек сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Sana Sport» орталығының екі алаңында өткен турнирде командалар 2 күн бойы өзара бақ сынасты. Турнир топтық форматта өтті. 16 қатысушы командалар әуелі 4 топқа бөлініп, өзара 1 кездесуден өткізді. Әр топта үздік нәтиже көрсеткен 2 команда турнирдің ширек финалына жолдама алды. Әр топтың жеңімпазы келесі топтың 2-орын алған командасымен кездесті. Турнирге ұлттық деңгейдегі төрешілер төрелік етті.

Барлық қатысушыларға, еріктілерге, төрешілерге және турнирді ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға «ҚР мәслихаттарына 30 жыл» естелік медалі табысталды.

Депутат Кендебай Адамбек пен Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және жарысты жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан төрешілер мен еріктілерді марапаттады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -