"Медеуде" жаппай сырғанауға арналған мұз айдыны ашылды

11099
Фотосурет: Gov

«Медеу» биік таулы мұз айдынында көптен күткен жаппай сырғанау маусымы ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маусымның ашылу салтанатында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Биыл мұз айдыны әдеттегіден ерте ашылып, келушілерге тосынсый жасады. Алматы спорт нысандары дирекциясының өкілі Олжас Ершеев бұл іс-шараның демеушілердің қолдауымен аз бюджетпен өткенін атап өтті.

«Біз тұрақты келушілердің пікірін ескеріп, инфрақұрылымды жақсарттық және барша жанға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық» Олжас Ершеев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -