Жемқорлықсыз әскерге шақыру басты назарда

7909
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде күзгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатқанына орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық сабақ өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталмыш тақырып аясында өткізілген профилактикалық сабақта Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің офицері әділет аға лейтенанты Тахир Жаңабеков  Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу керек екендігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар әскерге шақыру науқаны кезінде заң бұзушылыққа итермелейтін фактілерінің куәсі немесе ақпаратын білген жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау керек екендігін тілге тиек етті.

​Жиын соңында Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы майор Жасұлан Қожахметов жеке құрамға заң талаптарын, жаза түрлерін, алдын алу шаралары туралы ойларымен бөліскен қонаққа алғысын білдіріп, рахметін айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -